Қазақ зиялылары Сарайшыққа келді

“Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына халқымыздың зиялы азаматтары Илья Жақанов жұбайы Тиыш апаймен, Мұрат Өтешов, Бейбіт Мамраев, Болат Мұхамбетов, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры Саламат Идрисов арнайы келіп, Сарайшықтың даму жоспарымен танысты. Келген қонақтарды музей-қорық директоры Ә.Мұқтар қарсы алып, Сарайшықтың бүгінгі жағдайы, мұнда жүріп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Қонақтар музей-қорық жұмысына сәттілік тілеп, жасалып жатқан жұмыстардың маңызы зор екеніне тоқталып өтті.




