Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Қасым ханға Сарайшықта ескерткіш орнатуға конкурс жарияланды

Қасым ханға Сарайшықта ескерткіш орнатуға конкурс жарияланды

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ның 2020 жылы 28 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақтың даңқты ұлы Қасым ханның туғанына 575 жылдығына арнап өткізген «Сарайшық – Ұлы Дала мұраты: мемлекеттілік және тарихи сабақтастық» атты дөңгелек үстеліне қатысқан ҚР Мәжіліс депутаттары, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, отандық және АҚШ, Ресей елдерінің тарихшы-ғалымдарының даңқты тұлғаны ұлықтау мақсатында Сарайшықта ескерткіш тұрғызу ұсынысы Атырау облысы әкімдігінің қолдауына ие болды. Бүгінде Атырау облысы әкімдігі қолдауымен Қасым хан ескерткішіне республикалық ашық конкурс жарияланды. Музей қорық Қасым ханға арналған лайықты ескерткіш орнатуға және оны лайықты жүзеге асыру үшін белді мамандарды конкурсқа қатысуға шақырады.