Қайта қалыпқа келтірілген жәдігерлер

«Сарайшық» музей-қорығының реставраторы Отарбай Кендір жылдық жоспарға сәйкес ғылыми қордағы 5 дана жәдігерге қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Музей-қорықтың қор сатып алу комиссиясының шешімімен қайта өңдеуден өткен қыш ыдыстар қорға кейін қабылданды. Солардың бірі, мөлдір түссіз сыр жағылған қызыл қыштан жасалған тостаған ерекше көзге түседі. Ыдысқа қоңыр түсті бояумен тігінен өрнектер салынып, ақ нүктелермен әрленген. Өрнек сюжеттері тік және шеңберлі сызық түрінде шырмалған бейнелер береді. Диаметрі 19 см, биіктігі 5,5 см.




