Ғылыми кеңесі өтті

2021 жылы 22 желтоқсан күні «Сарайшық» музей-қорығында Ғылыми кеңес отырысы өтті.
Ғылыми кеңеске Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессорлары т.ғ.д., Л.Бердіғожин, т.ғ.д. Ұ.Ахметова, т.ғ.д., А.Ахмет, т.ғ.к. Ж.Мұстафин, т.ғ.к. Қ.Сүндетұлы, а.ш.ғ.д., Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, “Биология, геоэкология және құрғақ жемшөп өндірудің ғылыми-өндірістік орталығының” жетекшісі Б.Мұхамбетов, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Үздік өлкетанушысы Т.Жаңабай, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР ЖҒА-ның академигі, өлкетанушы Ө.Әлімгерей, Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Аруев, Сарайшық ауылы әкімі Ж.Пазылов, Сарайшық ауылдық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Р.Таупов, ауыл ақсақалдары Н.Құрмашев, И.Сұлтанов, Ж.Құралбаева, Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің директоры Ж.Сұлтанғалиев және музей-қорық қызметкерлері қатысты. Кеңесте «Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының 2021 жылы атқарылған жұмыстары қорытындыланып, алдағы келелі мәселелері талқыланды және мекеменің 2022 жылғы жұмыс жоспары таныстырылды.




