Ғылыми кеңес отырысы
2023 жылдың 26 қазанында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК ұйымдастыруымен кезекті Ғылыми кеңес отырысы өткізілді. Ғылыми кеңес барысында музей-қорықтың археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары және олардың кешенді бағыттары, Ортағасырлық Сарайшық қақпасының құрылысы және археологиялық кешендерді қайта қалпына келтіру, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ортағасырлық Сарайшықтағы кешенді қазба жұмыстары және өзге де мәселелер талқыланды. Шараға облыс ғалымдары, өлкентанушылар, журналистер, облыстық мекеме өкілдері, Сарайшық ауылының ардагерлері және музей-қорық қызметкерлері қатысты.




