Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Ғылымға қадам – жарқын болашаққа бастар жол

Ғылымға қадам – жарқын болашаққа бастар жол

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғалымдары Атырау қаласы, Береке ауылындағы №47 мектептің оқушылары – Мейрамбекқызы Асылайым мен Жоламан Айшаның ортағасырлық Сарайшық тақырыбына арналған ғылыми жобасына қолдау көрсетті.

Кездесу барысында жас зерттеушілер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, музей мамандарынан құнды жауаптар мен бағыт-бағдар алды. Сынып жетекшісі Камшат Оразқызының жетекшілігімен жүргізіліп жатқан бұл ғылыми ізденіс – өскелең ұрпақтың тарихқа деген қызығушылығының айқын көрінісі.