Гурьев педагогикалық институтын 1970 жылы бітірген тарихшылар Сарайшық музей-қорығына келді
2020 жылғы 22 қыркүйекте “Сарайшық” музей-қорығын тамашалауға Гурьев педагогикалық институтын (Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті) 1970 жылы бітірген тарихшы түлектер келді. Аймағымыздағы осы жоғары оқу орнын бітіргендеріне 50 жыл толуына байланысты бас қосқан түлектер музей жәдігерлерімен, археологиялық қазба орнымен танысып, Сарайшық қаласы туралы мәліметтер алды. Түлектер арасынан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Ғизатолла Халидуллин мекеме жұмысына табыстар тілеп, болашақта бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге ынта танытты.




