Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Ғалымдар ортағасырлық Сарайшық қаласы орнында

Ғалымдар ортағасырлық Сарайшық қаласы орнында

20 қыркүйекте “Сарайшық” музей-қорығына нумизмат, т.ғ.к., профессор П.Петров, археолог, сарайшықтанушы, Орыс география қоғамының толық мүшесі В.Плахов келіп, ортағасырлық қала орнындағы соңғы ашылған археологиялық қазба нысандарымен танысты. Кездесу барысында музей-қорық басшысы Ә.Мұқтар, археолог А.Тұрарұлы ғалымдарға қазба жұмыстары нәтижелерін таныстырып және ескерткішті қорғау мәселелерін баяндады. Ғалымдар жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарына байланысты өз пікірлерін білдірді.