Сарайшық – ортағасырларда шығыс пен батысты байланыстыратын Ұлы Жібек керуен жолының үстінде орналасқан қолөнері мен саудасы дамыған, Жайық өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан өркениетті қалалардың бірі болған. Жошы ұлысының ең таңдаулы үш орталығының бірі (Сарай-Бату, Сарай-Берке, Сарайшық), кейін Ноғай Ордасының астанасы және Қасым хан тұсындағы Қазақ Хандығының астаналарының бірі болды. Тарихшы ғалымдар Сарайшық қаласының пайда болуын XIII ғасырда, яғни Шыңғыс ханның немересі Батудың билік құрған кезімен байланыстырады.
All Items
Mass Media about us
News
Көрме