Элистадағы ғылыми байланыс

«Сарайшық» музей-қорығының ғалым хатшысы А. Жұмабаев Ресей Федерациясының Элиста қаласында ғылыми-зерттеу іссапарымен жұмыс жүргізуде. Іссапар аясында А. Амур-Санан атындағы Ұлттық кітапхана және Н.Н. Палмов атындағы Қалмақ Республикасының Ұлттық музейі қорларында ізденістер жасап, құнды деректермен танысуда.
Сонымен қатар, сапар барысында Сарайшық музей-қорығының баспа өнімдері аталған мекемелермен өзара алмасылып, ғылыми-мәдени байланыстар нығайтылды.




