Экспедиция мүшелерінің келесі бағыты Бесшоқы тауы етегінде болды
«Сарайшық» музей-қорығының экспедиция мүшелері «Сарайшық – Сарай-Бату» арасындағы керуен жолдарын зерттеу мақсатында экспедиция мүшелері жергілікті өлке тарихын жетік білетін, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Есмұқан Жанизиннің бастауымен Қошалақ жайлауынан солтүстікке қарай 30-40 шақырымдай қашықтықтағы Бесшоқы тауының етегіндегі тереңдігі 12 метр болатын «Ойық суы» құдығына жеттік. «Ойық суы» ертеден халық ауызында әңгіме етіліп келеді. Соның бірі, Исатай-Махамбет көтерілісі кезінде қару соққан ұстаханалардың бірі осы жерде болған көрінеді. «Ойық суының» астында ағыс бар екенін жергілікті халық айтып жүр. Құдық суының кермек дәмі бар. Халық «Ойықтың суын» мал шаруашылығына пайдаланған, кей кезде ауыз су ретінде де пайдаланған екен.




