Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Экспедиция Маңғыстау жерінде жұмыс жасады

Экспедиция Маңғыстау жерінде жұмыс жасады

2021 жылы 23-24 шілдеде «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы» РМҚК-ң «Сарайшық-Прорва-Бұрыншық-Атырау-Сарайшық» экспедициясы өз ғылыми зерттеулерін Маңғыстау облысы территориясында ХХ ғасырдың 30-40 жылдары жұмыс жасаған ГУЛАГ жүйесіндегі Бұрыншық лагері орындарында жалғастырды.

Бұрыншық лагері орны бүгінде өндірістік мекемелерге берілген. Ел азаматтарының қолдауымен лагер орнында алғаш рет аэро -фото, -видео түсірілімдері жасалды және музейге қойылатын жәдігерлер жинақталды. Сонымен бірге лагер тарихын білетін, оны көзімен көрген куәгерлерден сұқбат алынды.