Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Бейімбет Майлин

Қазақтың біртуар тұлғасы, көрнекті жазушы, ақын Бейімбет Майлин қазақтың тарихи-мәдени мұрасына ерекше назар аударған. 1926 жылы 20 қарашадағы «Еңбекші қазақ» газетінің №258 санына шыққан «Мәдениет мұралары» атты мақаласында «Барлық саналы азаматтарды мәдениет мұраларын сақтауға, қорғауға үндейміз» деп қорытындылап, сол кезеңде ортағасырлық алтынордалық Сарайшық пен Білеулі ескерткіштерінің болашақ тәуелсіз еліміз үшін маңыздылығын түсінген. Ағамызға бүгінгі ұрпақтар атынан мың алғыс.