Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Батыс Қазақстанның әскери тарихына арналған ғылыми еңбектердің таныстырылымы

Бүгін, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкері Каримова Карина Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ұйымдастырған Батыс Қазақстанның әскери тарихына арналған дөңгелек үстелге қатысты.

Іс-шара барысында Батыс Қазақстанның әскери тарихына арналған ғылыми еңбектердің таныстырылымы өтті. Атап айтқанда, «Батыс Қазақстанның әскери тарихы (XVIII–XX ғғ.)» атты ұжымдық монографиясы мен «XVIII–XX ғасырлардың бірінші жартысындағы Батыс Қазақстан: саяси жағдайы, азаттық күрестері, жауынгерлік ерліктері» құжаттар мен материалдар жинағы көпшілік назарына ұсынылды.

Кездесу барысында өңір тарихын зерттеу мәселелері талқыланып, жаңа ғылыми басылымдардың тарихи мұраны зерделеудегі маңызы атап өтілді.