Батыс Қазақстан өңіріндегі екі университет студенттерімен кездесу

2024 жылдың 18 маусым күні “Сарайшық” сапар орталығында тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұқтар Әбілсейіт Қапизұлы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті және Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеттерінің тарихшы студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында профессор Ә. Мұқтар өзінің ғылымдағы еңбек жолын айта отырып, студенттерді ғылымға бет бұруға, елдің болашағы білімді жастардың қолында екендігін ерекше атап өтті. Соңында екі студентке қолтаңбасын қойып, өзінің ғылыми еңбектерін табыстады.





