Батырдың ертегі әлеміне саяхат
“Сарайшық” музей-қорығына келушілер – Атырау облыстық туберкулезге қарсы балалар ауруханасының бір топ емдеушілері “Батырдың ертегі әлеміне саяхат” бағдарламасы аясында интерактивті саяхатқа қатысты. Кішкентай қонақтарымызды музеймен таныстырып, түрлі ойындар ойнатылды. “Қазына іздеу”, ” Бұл кім? Бұл не?” сияқты командалық ойынға балалар қызығушылықпен ат салысты.




