Балаларға арналған музейлік әдістеме

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті профессоры, т.ғ.д. Ұлжан Ахметова және аға оқытушысы, магистр Самал Молдашева келіп мекеме қызметкерлерімен бірлесе балаларға арналған музейдің жас ерекшелігіне сай таныстыруға арналған әдістемелік құралды дайындау бойынша пікір алмасты.




