Атырау университеті туралы тың дерек жарияланды
«Сарайшық» музей-қорығының ғылыми қызметкерлері 22 қаңтар күні «Атырау» облыстық қоғамдық-саяси газетінде жарияланған «Тасада қалған тың дерек» атты мақаланы талқылады. Мақалада тарих ғылымдарының докторы Аққали Ахметпен сұхбат жарияланды. Тарихшы ғалым өзі ізденіп тапқан архивтік тың деректер негізінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Университеті тарихына қатысты беймәлім боп келген құжаттарды жарыққа шығарып, өңіріміздің әр саласына сан мыңдаған мамандар дайындап отырған университет шежіресінің байытыла түскенін әңгімелейді. Музей-қорық қызметкерлерінің басым бөлігінің алмаматері боп саналатын Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен «Сарайшық» музей-қорығы арасында тұрақты ғылыми байланыстар орнаған. Музей-қорықтың Ғылыми кеңес мүшесі Аққали Қабижанұлына ғылыми-шығармашылық қызметіне алдағы уақытта да табыстар тілейміз.
Сілтеме: https://atr.kz/…/%d1%8dkskl%d1%8eziv-atyraulyq…/




