Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Атырау облысының әкімдігінде Сарайшықтың даму жоспары талқыланды

Атырау облысының әкімдігінде Сарайшықтың даму жоспары талқыланды

Бүгін, 11 қаңтарда Атырау облысы әкімінің орынбасары Бисембиев Жасұлан Орақұлының төрағалығымен Сарайшықтың даму жоспары талқыланды. Талқылауға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Сейітова Күміс Қарсақбайқызы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің Тарихи-мәдени мұра бөлімінің басшысы Жанат Сейдәліқызы, Атырау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының директоры Жоламанов Әбіл Тауфихұлы, Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының директоры т.ғ.к., Ақан Оңғарұлы, “Қазқайтажаңарту” РМК бас директоры Бигельдиев Махаббат Сәдуақасұлы, “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы директоры, т.ғ.д., профессор Мұқтар Әбілсейіт Қапизұлы және ғалымдар мен облыстық мекеме басшылары қатысты.