Атырау облысы әкімі ғалымдарды қабылдады
2020 жылдың 21-ақпанында Атырау облысы әкімі М.Досмұхамбетов Қазақстан Республикасының ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, танымал археолог, т.ғ.д., профессор З.Самашев пен “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы директоры, т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтарды қабылдады. Кездесу барысында Жошы Ұлысы билеушілері хандық құрып, жерленген ортағасырлық Сарайшық қаласының өткені мен бүгіні және болашағы туралы әңгіме қозғады. Кездесу кезінде облыс әкімі М. Досмұхамбетов Сарайшыққа әркез оң көзқарас болатынын, оның дамуы облыс әкімшілігінің күн тәртібінен түспейтінін жеткізді.





