Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

“Атамекен” өлкетану-туристік жорығы оқушылары Сарайшықта

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 23-24 маусым күндері Атырау облысындағы мектептердің “Атамекен” өлкетану-туристік жорығына қатынасушы оқушыларын қабылдады.

Бұл шараның мақсаты – қосымша білім беру ұйымдары мен мектеп жанындағы туризм-өлкетану үйірмелерінің жұмысын жандандыру, өңірдегі тарихи-мәдени орындарға саяхат жасау арқылы оқушылардың патриоттық сезімін ояту. Сарайшық музей-қорығында оқушыларды қала тарихымен, «Хандар кесенесі», этнографиялық жәдігерлер көрмесімен, археологиялық қазба орнымен таныстырды. Сарайшық қаласы арқылы өткен Ұлы Жібек жолдарына шолу жасалып, аңыздары баяндалды.