Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Ашық кездесу

2023 жылғы 21 қазанда “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының Сапар орталығында “Qazaqstan dauiri” газетінің бас директоры, “ЕлАна” қоғамдық қорының президенті, қоғам қайраткері Мешітбаева Сәуле Мешітбайқызы және “Мөлдір бұлақ” журналының бас редакторы Дәулетбек Байтұрсынұлы ауыл ақсақалдары, музей-қорық қызметкерлері, мектеп, колледж мұғалімдері және оқушыларымен ашық кездесу өткізді. Ашық кездесуден кейін ортағасырлық Сарайшық қаласының тарихымен және музей-қорықтың ғылыми және мәдени шараларымен танысты.