Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Археологиялық барлау жұмыстары

12 қаңтарда «Сарайшық» музей-қорығының ғалымдары ортағасырлық қала орналасқан Жайық өзенінің қарсы, Бұқар бетіне археологиялық барлау жүргізді. Барлауда жаяу жүріп көзбен шолу әдісі қолданылды. Жайық өзенінің Азия жақ бетінде қала орны болған деген гипотезаны тексеру мақсатында Жайық өзенінің жарқабақ стратиграфиясы, Бұзаутүбек аймағының төңірегі, Қызылжар, Қалабасы маңы тексерілді. Бұл жолы жер бетінен ортағасырлық қалаға тән айқын белгілер көзге шалынбады. Зерттеу жұмыстарын күн жылынғасын шурфтер қазу арқылы тексеру ұсынылды.