“Адалдық алаңы” жиыны өтті

2020 жылғы 3 желтоқсанда “Сарайшық” музей-қорығының директоры Ә.Мұқтар, директор орынбасары А.Тұрарұлы, бас есепші А.Қайреденова, мемлекеттік сатып алу маманы М.Лекерова Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарымен мәдениет және өнер саласында “Мәдениет және спорт министрлігі – Адалдық алаңы” жобалық кеңсесін ұйымдастыру мәселелері бойынша” бірлескен кеңесіне қатысты. Кеңестің күн тәртібінде “Адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің жұмысы, Білім беру ұйымдарының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудитін жүргізу мәселесі, “Адалдық алаңы” өкілін тағайындау мәселелері қаралды. “Адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің басшысы М.Қамзолдаев кеңсенің мақсат, міндеттері жөнінде сөз сөйледі. Музей-қорық директоры Ә.Мұқтар “Сарайшық” музей-қорығы жүктелген міндеттерді уақтылы орындап, мекемеде “Адалдық алаңы” өкілі ретінде директордың орынбасары А.Тұрарұлының тағайындалғанын айтып өтті.




