Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

«Тарихымызды қорғайық, мұрамызды сақтайық»

«Тарихымызды қорғайық, мұрамызды сақтайық»

Бүгін «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсия жетекшісі Ә. Шеркешбаева Әзірбайжан Республикасының «Авей» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы ұйымдастырған «Тарихымызды қорғайық, мұрамызды сақтайық» (Tariximizi Qoruyaq, İrsimizi Yaşadaq) тақырыбындағы онлайн вебинарға қатысты.

Онлайн кездесу барысында Ә. Шеркешбаева «Сарайшық» музей-қорығының атқарып жатқан жұмыстары, тарихи-мәдени мұраны сақтау бағытындағы қызметі және ортағасырлық Сарайшық қаласының тарихы жөнінде баяндама жасады.

Халықаралық форматтағы бұл кездесу тарихи-мәдени мұраны қорғау мен сақтау саласындағы тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.