Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН КӨРМЕ ӨТТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН КӨРМЕ ӨТТІ

18 мамыр — Халықаралық музей күніне орай, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында ерекше форматтағы халықаралық онлайн көрме ұйымдастырылды.🎥 Көрменің басты ерекшелігі — ол әзербайжандық әріптестеріміз арнайы жолдаған бірегей бейнематериалдар негізінде өткізілді. Желі қолданушылары мен музей қонақтары онлайн форматта бауырлас елдің бай тарихымен және құнды жәдігерлерімен танысуға мүмкіндік алды.🤝 Осы айтулы шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсетіп, өз музейлерін бейнешолу арқылы таныстырған шетелдік әріптестерімізге ШЕКСІЗ АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ!Халықаралық онлайн көрмеге белсенді қатысқан:🔹 Әзербайжан Республикасы Мәдениет министрлігіне🔹 Әзербайжан тарихы Ұлттық музейіне🔹 «Кешикчидаг» мемлекеттік қорық-музейіне🔹 «Ежелгі Шәмкір қаласы» қорығына терең ризашылығымызды айтамыз.✨ Бұл онлайн жоба — екі ел арасындағы мәдени алтын көпірдің айқын дәлелі. Мәдени мұрамызды бірге ұлықтауға бағытталған бірлескен жұмыстарымыз болашақта да жалғасын таба береді деп сенеміз! 🇰🇿 🤝 🇦🇿