Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Ежелгі Сарайшық пен Әзірбайжан арасындағы ғылыми байланыс!

Ежелгі Сарайшық пен Әзірбайжан арасындағы ғылыми байланыс!

13 сәуір күні «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері халықаралық конференцияға қатысты. Алқалы жиын Әзірбайжанның «Кешікшідаг», «Авей» мемлекеттік тарихи-мәдени қорықтары мен Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен өтті.

Басқосу екі маңызды оқиғаға арналды:

🔹 Көрнекті ғалым-палеолитолог, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Мансур Мансуровтың 90 жылдығына;

🔹 18 сәуір — Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне.

Конференцияда музейіміздің атынан мына қызметкерлер баяндама жасады:

🎤 Музей директоры, тарих ғылымдарының докторы Ә.Қ. Мұқтар;

🎤 Бас инспектор, археолог А. Тұрарұлы;

🎤 Қор сақтаушы А. Шеркешбаева.

Шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу — ортақ тарихымызды түгендеуге және ғылыми байланысты нығайтуға жол ашады. Өткенді зерттеу — болашаққа салынған көпір!