Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

«Сарайшық» музей-қорығы мәдени-ғылыми ынтымақтастықты тұрақты дамытып келеді.

«Сарайшық» музей-қорығы мәдени-ғылыми ынтымақтастықты тұрақты дамытып келеді.

🔷Ресей Федерациясының Астрахань облысындағы «Жолдастық – қазақ мәдениеті» қоғамдық бірлестігі және Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы Өңірлік мәдениет орталығымен бірлесіп, музей-қорық бірқатар маңызды шараларды жүзеге асырды.

🔹 2019 жылы «Жошы Ұлысы астаналары: Сарайшық – Сарай-Бату – Сарай Берке қалалары ізімен» атты халықаралық ғылыми экспедиция өткізілді.

🔹 2025 жылдың шілде–тамызында Жошы Ұлысының тарихи қалаларына ғылыми экспедиция ұйымдастырылды.

🔹 Сол жылы музей Алтынжар селосында жылжымалы көрме өткізді, ал Астрахань делегациясы «Музей түні» шарасына қатысып, құнды жәдігерлерді сыйға тартты.

🔹 2026 жылдың наурызында «Жолдастық – қазақ мәдениеті» өкілдері Сарайшық қалашығына келіп, музей-қорыққа Ноғай тарихы мен мәдениетін зерттеушілердің еңбектерін және жез құманды сыйға тартты. Музей ұжымы қазақ дәстүріне сай шапан жауып, алғыс білдірді.