Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары және қала қонақтары!

2020 жылдың 28 ақпанында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы», ҚР Ұлттық архивімен бірлесе Нұр-Сұлтан қаласында Алтын Орданың 750, Қасым ханның туғанына 575, Қазақ хандығының 555 жылдығына орай «Сарайшық – Ұлы Дала мұраты: мемлекеттілік және тарихи сабақтастық» атты дөңгелек үстел өткізеді. Осы шара аясында 28-29 ақпанда «Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ Елінің астанасы» атты көрмесін тамашалауға шақырамыз. 
Дөңгелек үстел және көрме өтетін мекен-жай: Нұр-Сұлтан қаласы, Нұржол бульвары, 12. Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің конференц-залы. Сағат: 10-00.