ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын талқылады.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Жолдауда айқындаған ел дамуының басым бағыттары, әлеуметтік-экономикалық міндеттер, цифрландыру және мәдениет саласына қатысты мәселелер сөз болды. Сонымен қатар, алға қойылған міндеттерді жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді.




