Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

11 мамыр – ғұлама ғалым Әлкей Марғұланның туған күні

“Сарайшық” музей-қорығында Әлкей атамыздың өнегелі өмірін насихаттайтын бұрыш ашылды. Онда ғалымның өзі тұтынған заттары, қызметтік іс-құжаттар көшірмелері, фотосуреттер, кітаптар және ақпараттық тақта бар. Ағымдағы жылдың сәуір айында кәсіби археолог Әлкей Хақанұлы Марғұланның тұтынған заттарын, ғалымның қызы Дәнел Әлкейқызы “Сарайшық” музей-қорығының ғылыми қорына сыйға тартты. Әлкей Марғұлан 1950 жылы экспедиция жетекшісі ретінде Сарайшықта археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, Сарайшықтағы археологиялық зерттеудің басында тұрған тұлға.