1 қазан – Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күні

1 қазан – Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күніне орай Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ұсынуымен тарих ғылымдарының докторы, профессор, белгілі тарихшы ғалым Әбілсейіт Мұқтар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы ерекше еңбегі үшін “ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУҒА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН” төсбелгісімен марапатталды. Әбілсейіт Қапизұлы ғылымның биігіне шығып, еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз арта берсін! Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға амандық тілейміз!





