Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

«І Сарайшық оқулары - 2022» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

2022 жылы 12 сәуірде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы» РМҚК ұйымдастыруымен «І Сарайшық оқулары - 2022» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.
Конференцияның алғы сөзін Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Света Ертілеуқызы Аманшиева алып, конференцияның сәтті өтуіне лебізін білдірді. Конференцияның пленарлық мәжілісінде Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен т.ғ.д., профессор Бердіғожин Лесқали «Қазақстандағы қуғын-сүргін және оның зерттеу мәселелері», т.ғ.к., профессор Шахман Нағымов «Мұрат Мөңкеұлы шығармашылығындағы Алтынордалық деректер», т.ғ.к., археолог Марат Касенов «Таскешу» керуен-сарайы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің доценті, т.ғ.к., Жасқайрат Ерназаров «К вопросу о применении метода археолого-этнографической аналогии в археологических исследованиях (на примере городища Сарайшык)», «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ғылыми қызметкері Берік Байболов «Музей қорындағы жазба мұралары», Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің ғылыми қызметкері, магистр Думан Сарбаев «Становление и развитие Актюбинского губернского отдела народного образования (1920-е гг.)», Үш тілде оқылатын дарынды балаларға арналған №30 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі, магистр (Атырау қаласы) Манет Утепкалиева «Тарих сабақтарында өлкетану материалдарын қолдану», «Сарайшық» музей-қорығы ғылыми қызметкер, магистр Амангелді Жумабаев «Қасым ханның жерленген орнын іздеу және оның алғашқы нәтижелері» тақырыптарында тың баяндамалар жасады.
 
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru