ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК ұйымдастыруымен 2025 жылдың кезекті Ғылыми кеңес отырысы өткізілді. Ғылыми кеңестің күн тәртібінде бас қор сақтаушы О.Сағынбаева «Сарайшық» музей-қорығының көрме ұйымдастыру және қорды толықтыру мәселелері жөнінде, т.ғ.д., профессор У. Ахметова Музей-қорықтың ҚР ғылыми конкурстары ғылыми бағдарлама, жобаларға қатысу нәтижелері, олардың ортағасырлық Сарайшықты зерттеудегі басым бағыттары туралы талқыға салды. Сонымен қатар, ағымдағы мәселелер бойынша «Қазқайтажаңарту» мекемесінің маманы Н.Бақбергенов "Ортағасырлық Сарайшықтағы қайта жаңарту жұмыстары" жөнінде, ресейлік ғалым, т.ғ.к., нумизмат, П. Петров "Перспективы изучения нумизматики Сарайчика и его округи" мәселесі, директор орынбасары Ж. Диярова "Халықаралық симпозиум жұмысы және оның дайындық жұмыстары", археологтар А.Тұрарұлы, А. Жұмабаев, Ж. Байгалиев "2025 жылғы археологиялық қазба жұмыстары және олардың алғашқы нәтижелері" туралы, заңгер Э. Урынбасарова "Quant Workspace платформасына тіркелу жұмыстары және министрліктің жаңа талаптары", суретші-қайта қалпына келтіруші О. Кендір "Өндіріс орынындағы хұмдарды қайта қалпына келтіру жұмыстары", т.ғ.д., профессор У. Ахметова «Алтынордалық Қарағайлы, Ұшқан, Ащысай қалалары: тарихы және археологиясы» монографиясын баспаға беру туралы мәселелер қаралды.Кеңес отырысына Ғылыми кеңес мүшелері э.ғ.д., профессор, өлкетанушы Бақтыбек Таубаев, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, т.ғ.д., Ұлжан Ахметова, а.ш.ғ.д., Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, Биология, геоэкология және құрғақ жемшөп өндірудің ғылыми-өндірістік орталығының жетекшісі Болат Мұхамбетов, т.ғ.к., Атырау облысы Білім саласына қатысты бірлескен кәсіподақтар төрағасы Қылышбай Сүндетұлы, "Жайық шұғыласы" газетінің тілшісі Қазбек Айтқалиев, Сарайшық ауылдық округінің әкімі Жаннат Кенжеғалиева, Сарайшық ауыл ардагерлері Нығмет Құрмашев, Хадим Сисенғалиев және музей-қорық қызметкерлері қатысты.
Отырыста Ғылыми кеңес мүшелері мен қатысушылар мәселелерді жан-жақты талқылап, өз ұсыныстарымен де бөлісті.