Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Реставрация жұмыстары

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ортағасырлық Сарайшық қаласы аймағында 2019 жылы жүргізілген археологиялық қазба нысанында қайта қалпына келтіру жұмыстарын қолға алды. Нысанды қалыпқа келтіру жұмыстарымен “Қазқайтажаңарту” РМК-ның өтінімі бойынша “Қазархеология” ЖШС-і айналысады. 2020 жылы 30 маусымда “Қазархеология” ЖШС директоры, т.ғ.к., археолог Жұман Егінбайұлы Смаилов арнайы ортағасырлық Сарайшық қаласы орнында болашақ жүргізілетін жұмыстар ауқымымен танысып, "Сарайшық" музей-қорығы археологтарымен кеңесті. Кейін ортағасырлық Сарайшық қаласы ескерткіші орнында 2020 жылғы тамыз-қараша айлары аралығында нысандарды қайта қалпына келтіру жұмыстарымен айналысты. Осы жұмыстар нәтижесінде 14 тұрғын үй-жай бөлмелері мен 1 кесенеге қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru