Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

2019 жылғы археологиялық қазба жұмыстары

2019 жылы 1 шілде мен 1 қараша айлары аралығында облыстық бюджеттен бөлінген қаржымен археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Музей-қорық Атырау облысы тарихи-өлкетану музейімен келісім-шарт жасады. Қазба жұмыстарына Астрахандық археолог – топографтар В.Плахов, П.Бирюков, С.Пантелеев, Астана қаласынан  антрополог А.Раисова  қатысты. Археологиялық қазба жұмыстарында 4 отряд жұмыс жасады. Оның ішінде «Сарайшық» музей-қорығынан археологтар А.Тұрарұлы және М.Әбдіғалиевтер отрядтарға басшылық жасады. Жобаның ғылыми жетекшісі болып Ә.Мұқтар тағайындалды. Жүргізілген қазба жұмыстарының басты мақсаты, 2017 жылғы қазба жұмыстарын жалғастыру, туристік инфрақұрылым үшін негіз болатын нысандарды іздестіру болып табылады. 2019 жылғы археологиялық жұмыстар Арнайы мемлекеттік лицензия, қазу әдістемесі және жалпы қабылданған дала қазбаларының әдістерін сақтай отырып жүргізілді.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru