Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Музей туралы

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

    «Сарайшық» музей-қорығы өз жұмысын қоғамдық негізде 1963 жылдан бастайды. 1971 жылы ол облыстық өлкетану музейінің филиалы ретінде «Сарайшық тарихи-өлкетану селолық музейі» атауымен тіркелген. Музей бастапқы кезеңде ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы ғимаратында орналасады. 1999 жылы 23 сәуірде Атырау облысы әкімі И.Тасмағамбетовтың №79 шешімімен «Сарайшық» музей-қорығын құру қаулысы қабылданды. 1999 жылы 2 мамырда «Хан Ордалы Сарайшық» музей-қорығының іргетасы қаланып, 3 қыркүйекте ашылды. Музей-қорықтың құрамына мешіт, «Хандар Пантеоны» ескерткіші және музей кірді. 2018 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №162 қаулысымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды. 2021 жылы жаңартылған музей экспозициясы бар «Сарайшық» сапар орталығының құрылысы басталып, 2023 жылы«Сарайшық» сапар орталығы ашылды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекелендіру комитетінің 2023 жылғы 22 желтоқсанындағы №964 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта өзгертілді. Қазіргі таңда «Сарайшық» музей-қорығы «Сарайшық» сапар орталығы, «Сарайшық» этнографиялық музейі, «Хандар Пантеоны» мемориалды ескерткіші және ортағасырлық Сарайшық қаласы орнынан тұрады.

     Сонымен бірге, кәсіпорын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан 2018 жылғы 13 желтоқсанда берілген №18022399 лицензиясы негізінде республика аумағында тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу бойынша қызмет көрсетеді. 

 

    Кәсіпорынның қызметінің мәні мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады. Қызметінің мақсаты – мәдениет саласындағы ғылыми-зерттеу, мәдени-білім беру және танымдық-туристік қызметті, оның ішінде тарихи-мәдени мұраны сақтауды, оны танымал етуді жүзеге асыру. Қойылған мақсатты іске асыру үшін Кәсіпорын төмендегідей қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  • тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану саласында ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдіснамалық, мәдени-білім беру қызметін жүзеге асыру;
  • музей ісі саласында халықаралық пен ведомствоаралық ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықты жүзеге асыру;
  • ескерткіштердің, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғи ландшафт аймақтардың және музей заттарының қорғалуын қамтамасыз ету;
  • ғылыми-қор жұмысын жүзеге асыру, ғылыми тұжырымдамаларды, музей қызметінің негізгі бағыттарын әзірлеу;
  • тарих және мәдениет мәселелері жөніндегі ғылыми және ғылыми тәжірибелік конференцияларды, семинарларды ұйымдастыру мен өткізу;
  • музей экспозициялары мен көрмелердің тақырыптық-экспозициялық жоспарларын әзірлеу, жобалау және құру;
  • кәсіпорын қызметінің бейіні бойынша оқу құралдарын басып шығару, музей қорларын толықтыру үшін фото және бейне түсірілімдер жүргізу т.б.
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru