Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Жаңалықтар

  • "Атамекен" өлкетану-туристік жорығы оқушылары Сарайшықта

  • Дариға Назарбаева Сарайшыққа келді

    Дариға Назарбаева Сарайшыққа келді

  • "Сарайшық" музей-қорығы халықаралық байланыстарын кеңейтуде

  • Музей-қорық  веб-сайтын модернизациялау жұмыстары

    Музей-қорық веб-сайтын модернизациялау жұмыстары

  • Қолөнер шебері - Қалығыз апа

    Қолөнер шебері - Қалығыз апа

Күн тәртібінде талқыланған мәселелер

2023 жылы 26 қазан күн тәртібінде «Сарайшық» сапар орталығында өткен Ғылыми кеңес отырысында музей-қорықтың және ортағасырлық Сарайшық қаласы орнындағы атқарылып жатқан жұмыстары қаралды. Ағымдағы мәселелерде «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бас инспекторы А. Тұрарұлы «Музей-қорықтың археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары және олардың кешенді бағыттары», директор орынбасары Ж. Диярова «Ортағасырлық Сарайшық қақпасының құрылысы және археологиялық кешендерді қайта қалпына келтіру», Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғалым хатшысы Ерлан Тілекқабылов «Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ортағасырлық Сарайшықтағы кешенді қазба жұмыстары», «Бестерек» тарихи-өлкетану музейінің маманы, т.ғ.к. А. Пушкарев «Ортағасырлық Сарайшықта, Қарағайлы, Ащысай мекендерінде, Күліш керуен-сарайына жүргізілген магниттік зерттеулердің алдын-ала қорытындысы», Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, бағдарлама жетекшісі, т.ғ.д. У.Т. Ахметова «Қазақстанның батыс өңіріндегі алтынордалық қалалар, көне керуен жолдары және керуен-сарайлар: пәнаралық зерттеулер (ХІІІ-ХV ғғ.)» бағдарламасының қорытынды есебін бекіту», музей-қорықтың ғалым хатшысы А. Жұмабаев «Бағдарлама аясында монографияларды баспаға жіберу», «ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жариялаған бағдарламалы-нысаналы қаржыландыру конкурсына ғылыми бағдарламаларды ұсыну» және PR-менеджері А. Мұстажап «Сарайшық» сапар орталығына келушілер көзқарасы» тақырыптарын талқылады. Ғылыми кеңес мүшелері музей-қорықтың атқарған жұмыстарына оң баға беріп, алда өтетін шараларға сәттілік тіледі.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru