Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ның 2022 жылғы қорытындылары

1. 2022 жылы «Сарайшық» сапар орталығы құрылысы жалғасты.
2. 2022 жылы «Сарайшық» сапар орталығына ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен қаржы бөлініп, музей экспозициясын жасақтау қолға алынды.
3. 2022 жылы «Қазқайтажаңарту» мекемесі «Сарайшық» музей-қорығы мамандарымен бірлесе ортағасырлық Сарайшықтың қорғау аймағын жаңа деректер бойынша жасап, оны 90,6 г-ға жеткізді.
4. 2022 жылы «Қазқайтажаңарту» мекемесі «Сарайшық» музей-қорығы мамандарымен бірлесе ортағасырлық Сарайшық қаласын дамытудың Бас жоспарын жасады.
5. «Сарайшық» музей-қорығы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2020-2022 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруы бойынша «ГУЛАГ жүйесіндегі Прорва және Астрахань лагерлері: тарих, естелік, тағылым (1932-1950 жж.)» жобасын толық орындады. Жоба қорытындысын Ұлттық Ғылыми кеңес жоғары бағалады.
6. «Сарайшық» музей-қорығы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалы нысаналы қаржыландыруы бойынша «Қазақстанның батыс өңіріндегі алтынордалық қалалар, көне керуен жолдары және керуен-сарайлар: пәнаралық зерттеулер (ХІІІ-XV ғғ.)» жобасының 2-ші жылын сәтті орындады. Ұлттық Ғылыми кеңес жоғары бағалап, 2023 жылға қолдау білдірді.
7. «Сарайшық» музей-қорығы 2022 жылы жоғары импакт факторлы Scopus базасындағы журналдарға 3, ҚР Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті тізіміне енетін журналдарға 4 мақала, «Лагерная система в Прикаспийском регионе Казахстана (1932-1953 гг.) атты материалдар және құжаттар жинағын жариялады. Сонымен бірге, «ГУЛАГ жүйесіндегі Прорва және Астрахань лагерлері: тарих, естелік, тағылым (1932-1950 жж.)» жобасы аясында ХХ ғасырдың 30-50 жж. аралығындағы КСРО лагерьлер Бас басқармасының Қазақстан территориясындағы еңбекпен түзету лагерьлерінің интерактивті (электронды) картасы дайындалды.
8. Алтынордалық Сарайшық – Сарай-Бату керуен жолдары картасы жасалды.
9. Ортағасырлық Сарайшық аумағынан 31 ғылыми үлгі - антропологиялық материалдар Астана қаласындағы Ұлттық биотехнология орталығына зерттеуге жіберілді.
10. Нумизмат, ресейлік ғалым П. Петров ортағасырлық Сарайшықтың 400-ге жуық алтынордалық тиындарды тазалап, атрибуциясын анықтап ғылыми айналымға шығарды.
11. 2022 жылы музей-қорық археологтары Сарайшық – Сарай-Бату аралығынан алғаш рет 1000х1000 метр аумақты қамтитын жаңа археологиялық ескерткіш - «Қарағайлы» мекенін анықтады. «Қарағайлы» мекенінде ХІV ғасырда салынған мазар орнына белгілі археолог М.Елеуовтің, ресейлік археолог В.Плаховтың қатысуымен археологиялық қазба жүргізілді.
12. Маталармен жұмыс жасаушы реставратор Т.Крупа 2021 жылы «Хан моласы» қазбасынан табылған алтын, күміс жалатылған мата қалдығына зерттеу жұмыстарын жүргізіп, матаның ХҮ-ХҮІ ғғ. тиесілі екенін дәлелдеді.
13. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсына 2 жоба дайындалды.
14. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсына 2 жоба дайындалды.
15. 2022 жылы музей-қорық мамандары жаңадан 6 алтынордалық мекен, 2 ХVIII ғасырға жататын ескерткіш анықтады.
16. 2022 жылы «Сарайшық» музей-қорығына республикалық өзге музейлерден ортағасырлық Сарайшықтың 4 жәдігері қайтарылды.
17. 2022 жылы Атырау облысы әкімдігі қолдауымен Жайық жағалауында археологиялық қазба Х. Досмұхамедов университетінің ғалымдары жетекшілігімен жүргізілді. Нәтижесінде тұрғын жай, кешенді ғимарат, тиындар көмбесі табылды.
18. 2022 жылы Х.Досмұхамедов атындағы университет «Хан моласы» қазбасын зерттеуге қаржы бөліп, музей-қорық археологтарымен бірлесе зерттеу жұмыстарын жүргізді.
19. 2022 жылы музей-қорық «Қазақстанның батыс өңіріндегі алтынордалық қалалар, көне керуен жолдары және керуен-сарайлар: пәнаралық зерттеулер (ХІІІ-XV ғғ.)» жоба аясында 2021 жылғы №3 қазба орында зерттеу жұмыстарын жалғастырды.
20. Үргеніш – Сарайшық аралығындағы археологиялық керуен жолдары бойынша экспедиция ұйымдастырылды.
21. «Сарайшық» музей-қорығы Ресейдегі Саха Республикасының «Ытык-Кюель әдеби-көркем «Таатта» музей-қорығы» мекемесімен, Дағыстан Республикасының «Дербент мемлекеттік тарихи-архитектуралық және археологиялық музей-қорығы» мекемесімен, РФ Тюмень облысы «Наследие» аймақтық татарлардың қоғамдық ұйымымен ынтымақтастық меморандумы жасақталды.
22. 2022 жылы 14 көшпелі көрме ұйымдастырылды.
23. Музей-қорықты 16447 көрермен тамашалады.
24. 2022 жылы Дағыстан Республикасының «Дербент» мемлекеттік тарихи-архитектуралық және археологиялық музей-қорығының Нарын-қала архитектуралық кешеніне, ХІІІ-ХІХ ғасырлардағы архитектуралық ескерткіш ғимаратында орналасқан «Ежелгі Дербенттің мәдениеті мен тұрмысы» музейінің нысаны - «Қыздар моншасына», Башкортостан Республикасы Уфа қаласы қалалық округінің МБМ «Уфа қаласының тарихы музейіне», Саха Республикасындағы «Таата» Ытык-Кюель әдеби-көркем музей-қорығына онлайн-саяхат жасады.
25. 2022 жылы жоспарға сай онлайн форматта әлеуметтік желіде «Менің көзқарасым», «Дәстүрмен кездесу», «Назардағы нәрсе», «Музейдегі үзіліс:музей спорты», «Музейдегі романтика», «Шектеусіз өмір», «Дәріскерлер лигасы», «Уақыт үзінділері» жобалары жүзеге асып, оны желі арқылы 100 000-нан астам оқырман тамашалап, ой бөлісті.
26. «Музейге-сый» акциясы барысында музей қорына 149 жәдігер қабылданды. Қазіргі таңда негізгі қорда 2000, қосымша қорда 2600, уақытша қорда 330 жәдігер тіркелген.
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru