Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Ғалымдар облыс әкімі қабылдауында болды

2022 жылғы 23 маусымында Атырау облысының әкімі Серік Жамбылұлы Шәпкенов ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Ақан Оңғар мен “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы” РМҚК директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбілсейіт Қапизұлы Мұқтарды қабылдады. Кездесу барысында Атырау облысындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау, сақтау және оларды ғылыми зерттеу жайы, бүгінгі ортағасырлық Сарайшық қаласы ескерткішінің өзекті мәселелері талқыланды. Облыс әкімі ғалымдар көтерген мәселелерге қолдау білдірді.

 

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru