Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Сарайшықтағы жаңа археологиялық ашылулар

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 2021-2023 жылдарға арналған «BR10164208 Қазақстанның батыс өңіріндегі алтынордалық қалалар, көне керуен жолдары және керуен-сарайлар: пәнаралық зерттеулер (ХІІІ-ХV ғғ.)» жобасын іске асыру барысында «Сарайшық» музей-қорығының археологтары жүргізіп жатқан қазба жұмыстары жалғасын табуда.

Қазба орны жерленімдерден тазартылғаннан кейін, алтынордалық кезеңдегі үй бөлмелері ашылды. Бөлме қабырғалары ақ бормен сыланған, тандыр пешпен жылытылатын болған. Бөлмелер еденін тазалау барысында тиындар, моншақтар және темір бұйымдар қалдықтары кездеседі. Қазба жұмысы нәтижесі ортағасырлық Сарайшық қаласы ғимараттарының алдын-ала ойластырылған жоспармен, түзу көшелі, қаз-қатармен салынғанын байқатады. Бұл Ұлы Жібек жолы бойындағы қала құрылыстары стихиялы түрде емес, астаналық қалалар секілді жоспарлы түрде өскенін көрсетіп отыр.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru