Үкек қаласынан шыққан экспедиция Пенза облысы, Наровчат ауданындағы ескі Моқша қаласының орнын зерттеу мақсатында Наровчат аудан орталығына келді. Наровчат аудан орталығында арнайы ел тарихына арналған музей бар. Бұл музейдің негізі осы Моқша қаласына арналған. Моқша қаласында бүгінге дейін үлкен мешіттің орындары табылған, сол мешіттің қалған тастарын музейге әкеліп, ел жұртқа көрсетіп насихаттап отыр. Бұл жерде де қаланың орны тұтастай ауыл шаруашылығына берілген екен. Қаланың үстінде толық егістік, бидай, бұршақтар себілген. Соңғы жылдары бұл жерге Татарстан Республикасы Археология институтының ғалымдары келіп, қызығушылық танытып, үлкен зерттеулерді бастаған. Биылда қазба жұмыстарын жүргізіп, аяқтаған. Бұл жерде Алтын Орда дәуіріне тән үлкен усадьбаны тапқан, иесі әйел адам болса керек дейді. Моқша қаласында ұзақ жылдар бойы (шамамен 8 жылдай) Өзбек хан тұрды. Осы жерде тиындарын соққан. Сонымен бірге археологтар бұл жерден хандардың тиындарын тапқан. Болашақта Қазан археологтары бұл жерде аспан астындағы музейді жасауды жоспарлап отыр. Музей директорына «Сарайшық» музей-қорығының ғалымдары өздерінің ғылыми еңбектерін сыйға тартты.
![]() |
![]() |