Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

”Сарайшық” музей-қорық ғалымдары экспедиция аясында Волгоград облысындағы Бельджамен қаласы орынында жұмыс жасады

Бельджамен қаласы зерттеушілер тарапынан Водянское қаласы деп те аталады. Қаланы археологиялық зерттеуге Г.А.Федоров-Давыдов, В.Л.Егоров сияқты ғалымдар үлес қосқан. Қалада тұрғын үйлерден басқа ауданы 900 м² болатын тас мешіт ғимараты, үш кесене, су құбыры жүргізілген монша және әртүрлі қолөнер шеберханалары табылды. Бельджамен қаласы орнында жинақталған жәдігерлер Дубовка ауданы орталығындағы музейде жинақталған. Ғалымдар музеймен танысып, кейін Еділ жағасындағы қазба орындарымен танысты. Ол жерден музей-қорыққа қажетті ортағасырлық кірпіштерді, қыш құмыра сынықтарын, өзгеде жәдігерлерді жинақтады. Болашақта бұл аумақтағы зерттеулер жалғасады деген сенімдеміз.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru