Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

Сарайшық ғалымдары Сарай-Берке қаласының орнында

Ұзақ жылдар бойы тарих ғылымында Волгоград облысындағы үлкен тарихи нысан Сарай-Берке қаласының орны деп аталып келген болатын. Алайда соңғы жылдардағы зерттеулер нәтижесінде бұл қала кейбір зерттеушілер тарапынан “Гүлстан қаласы” деп атала бастады. “Сарайшық” музей-қорығының экспедициясы осы Гүлстан қаласының орнында болып, ондағы құландыларды мұқият саралады. Зерттеу барысында Гүлстан қаласынан табылған қыш кірпіштер, құмыралар және өзге де жәдігерлердің Сарайшық қаласының орнындағы тарихи мұралармен ұқсастығы толық анықталды. Қазіргі уақытта бұл тарихи нысанның орнында белсенді қазба жұмыстары жүргізіліп жатқандығы байқалмайды. Дегенмен, оның қара археологтар (заңсыз қазба жүргізушілер) тарапынан тоналғаны анық көрінеді.
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru