Бүгінде Ресейлік ғалымдар соның ішінде Татарстан Республикасы Қазан қаласындағы Археология институтының ұйымдастыруымен тарих ғылымдарының докторы, профессор Е. Пигаревтың бастауымен археологиялық қазба жұмыстары Селитренное қалашығында жалғасуда. Селитренное қалашығы бұрын Алтын Орданың ескі астанасы Сарай-Әл-Махрус атанып келген болса қазргі таңда зерттеушілер Селитренное қалашығын Алтынорданың жаңа астанасы ретінде яғни Сарай-әл-Жәдид қаласы ретінде насихаттауда. Қала үлкен аймақта орналасқан. Зерттеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүріп жатыр. Бұл аралықтанда іргелі өндіріс орындары табылуда. Бұл жерде өткен жылы белгілі археолог, т.ғ.д., Э. Зиливинская қазба жұсыстарын жүргізген, қазба барысында ол биік жарқабақтан ортағасырлық моншаны тапқан болатын. 2025 жылғы қазба жетекшісі Е. Пигарев қазіргі таңда осы маңда үлкен археологиялық тәжірибе жұмыстарын асыруды қолға алды. Алдағы уақытта Сарайшық археологтары осы тәжірибе алмасуға қатысуды жоспарлауда.
![]() |
![]() |