Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

Сарайшық музей-қорық ғалымдары Лапаста

"Сарайшық" музей-қорығының ғалымдары Астрахань облысындағы Лапас елді мекенінде болып, Астраханьдық ғалымдар, археологтар В.Плахов және Е. Пигаревпен бірге Лапас қорымында былтыр қазылған үлкен мавзолей қорытындысымен танысты. Еуразия аймағында мұндай үлкен мавзолей бүгінге дейін кездеспеген. Мавзолейдің қабырғасының қалыңдығы 2,80 см, күйдірілген қызыл кірпіштен қаланған.Ұзындығы мен ені 45×45 м. Бұл жерде ғалымдардың пікірінше, атақты Алтынорда ханы Өзбек хан жерленген болуы керек. Ресейлік ғалымдар биылғы жылы қазбаны жалғастырмақ.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru