Бүгін, 2025 жылдың 20 мамырында Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Ақордада өткен салтанатты жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде Сарайшыққа ерекше назар аударып “музейлер тарихымыз бен мәдениетіміздің асыл қазынасы, “Сарайшық” қалашығы зерттеушілердің ерекше қызығушылығын тудырады. Оған жаңғырту жұмыстарын жүргізу қажет” деп айырықша мән берді.
Мемлекет басшысының пікірі – Сарайшық қалашығын сақтау мен қайта жаңғырту ісіне ұлттық деңгейде мән беріліп отырғанының айғағы. Бұл бастама тарихи мұраны ұлықтауға және өскелең ұрпаққа оны жеткізуге бағытталған маңызды қадам болмақ. Сілтеме