Бүгін, 21 сәуірде көне Сарайшық қаласын көру үшін ресейлік археолог, т.ғ.д. Евгений Михайлович Пигарев арнайы келді. Археолог ғалыммен бірге Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының директоры Ақан Оңғарұлы мен Татарстанның А. Халиков атындағы Археология институтының директоры Айрат Габитов бірге болды. Евгений Пигарев Еділ бойының ортағасырлық тарихын зерттеуші археолог, Сарай-Бату қаласы орнында ұзақ жылдардан бері зерттеу жүргізіп келеді. Көптеген ғылыми еңбектердің, монографиялардың авторы. «Сарайшық» музей-қорығының археологтары ғалымды қазба орындарындағы нысандармен, қазба нәтижелерімен таныстырды. Е.Пигарев қала орнындағы музейлендіру жұмыстары, туристермен жұмыс, ғылыми жұмыстар мен «Сарайшық» сапар орталығының әлеуетіне қызығушылық танытты.
![]() |
![]() |