Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Музей-қорықтың 2023 жылғы археологиялық жетістіктері

1. «Сарайшық» музей-қорығы құжаттарды талапқа сай жасақтап, наурыз айында elicense.kz сайты арқылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетінен республика аумағында тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстарды жүргізуге рұқсат беретін мемлекеттік лицензияны алды.
2. Музей-қорықтың археологиялық барлау экспедициясы сәуір айында Махамбет ауданы аумағында Жайық өзенінің сол жақ бетінде орналасқан жаңа археологиялық ескерткіш – ортағасырлық Күліш керуен-сарайын анықтады.
3. Маусым айында музей-қорық археологтары ортағасырлық Сарайшық қаласы орнындағы №3 қазбада зерттеу жұмыстарын жүргізді. Аумағы 280 шаршы метр шамасындағы алаңнан ондаған бөлмелерді ашты, монша орнын тапты.
4. Тамыз-қыркүйек айларында Сарайшықтағы №2 қазба орнында 800 шаршы метр алаңды зерттеп, ұзындығы 40 м-дей болатын қала көшесінің бір бөлігін топырақтан ашты. Көшенің екі жағын жағалай орналасқан қала тұрғын үйлерінің бөлмелері табылды.
5. Музей-қорық археологтары қыркүйек айында Батыс Қазақстан облысы аумағында орналасқан ортағасырлық Жайық, Жалпақтал қалалары орнында ғылыми зерттеу жұмыстарын өткізді.
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru