"Сарайшық" музей-қорығының ғалым хатшысы А. Жұмабаев Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушыларына тарих сабағында Ортағасырлық Сарайшықтағы археологиялық зерттеу жұмыстары тақырыбында дәріс өткізді. Оқушыларға Алтын Орда, Ноғай Ордасы, Қазақ хандығының астанасы – Сарайшық туралы мол мағлұмат берді. Сарайшық қаласының қазіргі таңдағы археологиялық қазба жұмыстары, тарихи жәдігерлер, ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы айтылды. Оқушылар көне қалаға саяхат жасағандай әсер алып, көкейлеріндегі сұрақтарын еркін қоя алды.
![]() |
![]() |